Оқу-тәрбиелік жұмыс » Страница 8 » Жаңаауыл негізгі орта мектебі
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің
«Жаңаауыл негізгі орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (723) 433-19-82
Есепші бөлімі:
+7 (776) 547-42-82
Нашар көрушілер
нұсқасы
2022-2023 оқу жылы "Адалдық - асыл қасиет" эссе жазу жұмысы
05
апрель
2023
2022-2023 оқу жылы "Адалдық - асыл қасиет" эссе жазу жұмысы
Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2022-2023 оқу жылындағы жоспар бойынша қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.К Тоқтасынова адалдық, адамгершілік, әділдік сөздерінің мағынасына тоқтала отырып, 6-9 сынып оқушыларына «Адалдық – асыл қасиет» тақырыбында эссе жаздырды.
2022-2023 оқу жылы "Аналар мен әкелер мектебі" жұмысы
29
март
2023
2022-2023 оқу жылы "Аналар мен әкелер мектебі" жұмысы
Оқушылардың көктемгі демалыс уақытын тиімді пайдалануда «Әкелер мен аналар мектебі» жұмысы бойынша қайырымды игі істер күніне орай оқушылар ата-анасына қолғабыс жасау сәттерімен бөлісіп, қайырымдылық, игі іс жасау отбасындан басталатынын көрсетті.
2022-2023 оқу жылы "Оқуға құштар мектеп" жобасы бойынша жұмыс
28
март
2023
2022-2023 оқу жылы "Оқуға құштар мектеп" жобасы бойынша жұмыс
Адамгершілік құндылықтар жүйесін қалыптастырудың бір жолы – кітап оқу. 2022-2023 оқу жылында кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру және оны  қолдау,  кітап мәртебесін  («Кітап оқу – сән»)  арттыру мақсатында білімалушылар арасында «Оқуға  құштар мектеп» жобасы жалғасады. Жобаның негізгі бағыттары өзара қарым-қатынас пен әлеуметтік әріптестік арқылы білім алушылардың  оқу   құзыреттілігін, оқу  мәдениеті мен оқу белсенділігін арттыруды, оқу сауаттылығы бойынша халықаралық зерттеулерге қатысуын
2022-2023 оқу жылы Көктемгі демалыстағы жоспар бойынша іс- шаралар
27
март
2023
2022-2023 оқу жылы Көктемгі демалыстағы жоспар бойынша іс- шаралар
Оқушылардың бос уақытын, демалыстарын тиімді өткізу мақсатында бірқатар шаралар жоспар бойынша ұйымдастырылады. Көктемгі демалыс уақытын ұйымдастыру мақсатында мектеп тәлімгері Д. Ерғазы 5-9 сынып оқушыларына су қауіпсіздігіне байланысты сақтық шараларын сақтау туралы журналға қол қойдырып, әңгіме сағатын өткізді.
2022-2023 оқу жылы Қазақтың ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 130 жылдығы
23
март
2023
2022-2023 оқу жылы Қазақтың ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 130
2022-2023 оқу жылындағы ақын-жазушылардың мерейтойларына арналған шаралардың бірі – Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 130 жылдығы Оқушылар ақынның өлеңдерін жатқа оқып, «Сөз сұлтаны - Сұлтанмахмұт» мәнерлеп өлең оқу челленджін жүргізіп, Үшбұлақ негізгі орта мектебіне жолдады.
2022-2023 оқу жылы Отбасылық мереке
22
март
2023
2022-2023 оқу жылы Отбасылық мереке
22-наурыз Ұлыстың ұды күнінде оқушылар өз отбасыларымен өткізген мерекелік кештерінен «Отбасылық мереке» тақырыбында фотосуреттерді әлеуметтік желілерге салды.
2022-2023 оқу жылы "Ұлттық ойындар - халық қазнасы" тоғызқұмалақ ойыны
18
март
2023
2022-2023 оқу жылы "Ұлттық ойындар - халық қазнасы" тоғызқұмалақ ойыны
Оқушылардың бойына патриоттық тәрбие қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында 5-9 сыныптар арасында «Наурыз – мейірімділік мерекесі» іс-шаралар жоспары бойынша «Ұлттық ойындар- халық қазынасы» тақырыбында тоғызқұмалақ ойынынан жарыс өткізіліп, жеңімпаздар марапатталды.
2022-2023 оқу жылы "Түрлі-түсті Наурыз" мерекелік кеш
17
март
2023
2022-2023 оқу жылы "Түрлі-түсті Наурыз" мерекелік кеш
Ұлыстың ұлы күні  мерекесіне арналған жоспар бойынша іс-шараларды аяқтай келе, сынып жетекшілер мен оқушылар «Түрлі-түсті Наурыз» атты мерекелік кеш өткізді.
2022-2023 оқу жылы "Салт-дәстүрім  - таусылмайтын байлығым" тәрбие сағаты
17
март
2023
2022-2023 оқу жылы "Салт-дәстүрім - таусылмайтын байлығым" тәрбие
«Наурыз – мейірімділік мерекесі» іс-шаралар тұжырымдамасы бойынша салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрпымызды, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу мақсатында «Салт-дәстүрім таусылмайтын байлығым» атты 5-7 сыныптарда тәрбие сағаты ұйымдастырылды. Оқушылар тұсау кесер салтын көрсетіп, халық әндерін айтып, ерекше тәрбие сағатын өткізді.
2022-2023 оқу жылы "Күй күмбірі" республикалық челенджі
14
март
2023
2022-2023 оқу жылы "Күй күмбірі" республикалық челенджі
Наурыз мерекесіне орай білім алушылардың рухани-адамгершілік мәдениетін, эстетикалық, патриоттық сезімдерін тәрбиелеу, елдің мәдени мұрасын сақтау мақсатында «Күй күмбірі» республикалық домбырашылар челенджін өткізу тұжырымдамасы бойынша «Үкілі домбыра» аспаптық оркестрі Дәулеткерей Шығайұлының «Қосалқа» күйін орындады.